Қазақстанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 51 565 автокөлік өндірілді. Былтыр көрсеткіш 39 482 болған еді.
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісінің өсімі 30,6% болды. Машина жасаудың саладағы үлесі 37,5%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы.
Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 23%-ға өсіп, 4557 көлікті құрап, жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асады.
Биыл 12 ай қорытындысы бойынша өсім 20%-дан астам деңгейде сақталады деп болжап отыр.
Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша, 2022 жылдың 13 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады, оған қазірдің өзінде отандық 7 852 автокөлік шығарылды.
2021 жылдың алты айында Қазақстанда 51 565 көлік өндірілді, жалпы құны 507,8 млрд теңгеден асады.
Оның ішінде жеңіл автокөлік – 46 972 (+35,8%), 3 862 жүк көлігі (-9,4%), 611 автобус (+14,4%), 280 тіркеме және жартылай тіркеме және 120 бірлік басқа мамандандырылған техника.
Ең танымал брендтердің бестігінде (экспортты қосқанда): Chevrolet (17 650 бірлік), Hyundai (16 841 бірлік), Kia (6 085 бірлік), Lada (4 343 бірлік) және JAC (3 089 бірлік).
Модельдер бойынша көшбасшылар Chevrolet Cobalt (11 321 бірлік), Chevrolet Nexia (3 988 бірлік), Hyundai Sonata (3 726 бірлік), Hyundai Tucson (3 707 бірлік) және Hyundai Elantra (3 132 бірлік).
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық дилерлер маусым айында 11 418 жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық көлікті, сондай-ақ 436 жүк көлігі мен автобусты сатқан.