Moody's рейтингтік агенттігі сарапшыларының пікірінше, АТФ банкі, Еуразия банкі және ЦентрКредит банкінің алдағы уақытта қарыз портфелі ұлғая түспек.
Сарапшылардың болжамынша, аталған үш банктің капиталдары жеткілікті емес.
Агенттік өкілдерінің баяндамасынна сүйенсек, бұл үш банкте коронодағдарыстың алдында да капитал көлемінің аздығы байқалған. Ал дағдарыстың кесірінен жағдай тіпті нашарлаған.
"Әзірге операциялық табыстардың жеткіліктігі мен акционерлердің қосымша ақша құюының арқасында банктер несиелік мүмкіндіктерін сақтап тұр. Алайда, қолайсыз жағдай болса, бірінші кезекте осы банктер капитал тапшылығын тартатын болады", - дейді сарапшылар.
Соның ішінде АТФ пен ЦентрКредит банктерінің проблемалық қарыздарының жиынтық капиталға және резервіне қатынасы 100 пайыздан асады. Бұл дегеніңіз, банктердің өз капиталдарын сақтап қалуы тек олардың берген несиелерінің қайтарылуына тікелей байланысты. Яғни, берілген несие қайтпай қалса, банктер тығырыққа тірелуі мүмкін.
Берілген қарыздың қайтпай қалу қаупі бойынша АТФ банкі мен Еуразиялық банктің тәуекелі жоғары. Банк активтерінің ішінде ликвидті активтің көлемі үш банкте де 25-30 пайыз айналасында. Бұл жеткілікті болғанымен, егер салымшылар банктерден күмәнданып, ақшаларын алып кете бастаса, банктер капитал тапшылығымен кездеспек.