АТФБанк клиенттерінің назарына: АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылатын күні анықталды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
АТФБанкті Jusan Bank-ке қосу арқылы ерікті түрде қайта құру бойынша 2021 жыл ішінде іске асырылатын шаралар аясында 2021 жылғы 6 қыркүйек АТФБанкті Jusan Bank-ке қосу күні болады.Осылайша, 2021 жылғы 6 қыркүйектен бастап, АТФБанктің барлық әрекеттегі клиенттері Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне өтеді.
Жеке тұлға клиенттер үшін:
- 2021 жылғы 2 қыркүйектен кешіктірмей Jusan интернет-банкингін пайдалануға көшу қажет, өйткені алдағы уақытта ATF24 өшіріледі. Jusan мобильді қолданбасында қазірдің өзінде-ақ АТФБанктегі барлық қолданыстағы шоттарға, оның ішінде ағымдағы, карточкалық, депозиттік, кредиттік шоттарға, олардың арасындағы аударым операцияларына, сондай-ақ төлемдер жасауға арналған функционалға қол жеткізуге болады. Jusan мобильді қолданбасын орнату үшін сілтемеге өтіңіз;
- қосылған күннен бастап жаңа банктік деректемелерді пайдалану қажет, олар туралы ақпарат Jusan мобильді қолданбасында және Jusan Bank бөлімшелерінде беріледі;
- қосылғаннан кейін есеп айырысу-кассалық операциялардың Jusan Bank тарифтері бойынша жүзеге асырылатынына назар аудару қажет.Екі банкті біріктіру барысында және одан кейін жеке тұлғаларға қызмет көрсету жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.
Заңды тұлға клиенттер мен ЖК үшін:
- 2021 жылғы 2 қыркүйектен кешіктірмей Jusan Business интернет-банкингін пайдалануға көшу қажет, өйткені алдағы уақытта ATFBusiness және ATFOnline өшіріледі. Jusan Business – бизнес қаражатын 24/7 режимінде және абоненттік төлемсіз онлайн басқаруға арналған қолайлы функционалы бар сервис. Jusan Business-ке онлайн-тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз;
- дер кезінде дербес менеджерлерден жаңа банктік деректемелер туралы ақпаратты алу және оны серіктестер мен контрагенттерге жеткізу, сондай-ақ қосылған күннен бастап оларды пайдалануға көшу қажет;
- қосылғаннан кейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған барлық банктік операциялар мен басқа да қызметтердің Jusan Bank тарифтері бойынша жүзеге асырылатынына назар аудару қажет.
Екі банкті біріктіру барысында және одан кейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қызмет көрсету жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.
Маңызды: АТФБанкте бұрын шығарылған барлық төлем карталары, кредит беру және банктік салым шарттары, сондай-ақ бұрын АТФБанкпен жасалған басқа да шарттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанша жарамды болып қалады. Клиенттерге оларды қайта жасасудың қажеті жоқ – қосылғаннан кейін олар бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Jusan Bank-ке өтеді.Jusan және Jusan Business интернет-банкингтеріне тіркелу кезінде сұрақтар немесе қиындықтар туындаған жағдайда тәулік бойы 2424 нөмірі бойынша АТФБанктің байланыс орталығына немесе 7711 нөмірі бойынша Jusan Bank-тің байланыс орталығына хабарласыңыздар. Біздің кеңес берушілеріміз міндетті түрде Сіздерге көмектеседі!