Үкіметтің баспасөз қызметі еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын ұсынды.

Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды.

2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ІЖӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл – орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз.

2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%–6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9% артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.

Үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. 

Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талапты цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.

Соның ішінде біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады; ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.

Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есе арттыруға бағытталған.