Таяу Шығыстағы бір апталық қақтығыстың қор нарығына ең бірінші салдары мұнайдың 90 долларға жақындауы болды. Нәтижесінде ҚазМұнайГаз бен ҚазТрансОйл акциясы қатты қымбаттап, KASE-ні плюске шығарды, әйтпесе әлемде негізгі биржалар құлдырап кеткен еді, тағы да сол қақтығыс салдарынан.

Қазақстан қор нарығы алуан түрлі құбылды, әсіресе банктердің бірі айтарлықтай қымбаттаса, бірі тым арзандап кетті. 

Мұнай бағасына кері пропорционал әуе көлігі саласы төмендеді, Air Astana акциясы қайтадан 800 долларға жақындап барады.

Телекоммуникация саласы да осы аптаны минуспен жапты. Бірнеше апта жақсы өскен Қазатомөнеркәсіп те құлдырады.

Алтын апта басы қымбаттағанымен, соңына қарай қайта арзандады, бірақ әлі 5 мың доллардың үстінде.