Altyn Bank юаньмен депозит қабылдай бастады

Altyn Bank 5 қазаннан бастап жеке тұлғалардан қытай юанімен депозит қабылдай бастады.

Банк клиенттерге мерзімді және жинақ депозиттерін ашуға мүмкіндік берді. Клиент депозитті толықтыра алады және одан қаражатты ішінара шешіп ала алады. Сыйақы ай сайын төленеді.

Салым бойынша номиналды мөлшерлеме де, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі де (ЖТСМ) – 0,1%.

Altyn Bank-тің негізгі акционерлері:

  • China CITIC Bank Corporation Limited (50,1%)

  • Halyk Bank (40%).

  • «Шуанвэй» инвестициялық компаниясы (9,9%)