2025 жыл 4 қарашада Алматы қаласында «Такси Қазақстан 2025» форумы ұйымдастырылады. Бұл – тасымалдау саласы бизнесі мен мемлекет арасындағы жыл сайынғы ең ірі диалог алаңы. Форумның өтетін орны: ҚІЫО «Атакент», 11-павильон. Басталуы: 09:30

Такси тасымалы – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Соңғы екі жылда таксопарктер саны 300-ден 500-ден астамға жетті. Салада 200 000-нан астам адам жұмыс істейді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында такси арқылы 102 218,9 мың адам тасымалданған.

Форум аясында талқыланатын тақырыптар:

  • Такси саласын реттеу, салық және көлік саясаты;
  • Қазақстандағы такси бизнесінің даму перспективалары;
  • Автокөлік нарығы және қаржыландыру құралдары;
  • Алматы мен Қазақстандағы экотакси.

Форум ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Таксопарктер және Курьерлік қызметтер қауымдастығы (ТКҚҚ). Форумның технологиялық серіктесі – Yandex Qazaqstan, тақырыптық серіктестері – Бухта және Interpay. Форумның серіктестері – Freedom Drive, танымал Allur автокөлік компаниясы Chevrolet, JACбрендтерімен және Geely автокөлік компаниясы. Бренд-серіктестер – Yume, MyCar Finance және A-leasing. Форум 1000-нан астам қатысушымен, 2 параллельді сессияда және ауқымды салалық көрмемен өтеді.

Форумның бас ақпараттық серіктесі – Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.

Форумның ақпараттық серіктестері: Digital Business, Bes.Media, Kursiv Media, Naryk, ProDengi, NewAuto.kz, Деловой Казахстан, За Рулем Казахстан басылымдары, Руки в Масле арнасы және блогер Дамир Алаев.

Форумға 1000-нан астам қатысушы жиналып, екі параллель сессия мен ауқымды салалық көрме өткізіледі. Қатысушылар қатарында – ТКҚҚ мүшелері, ірі таксопарктер, агрегаторлар, автокөлік және лизингтік компаниялар, қосалқы бөлшектер брендтері мен көлік саласының өзге де жеткізушілері бар.

Форум спикерлері қатарында ҚР Көлік министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар такси нарығы мен оған іргелес салалардың жетекші компанияларының басшылары мен сарапшылары.

Расталған спикерлер қатарында:

  • Мейрам Абелкасов, ҚР Таксопарктер және Курьерлік қызметтер қауымдастығының төрағасы (ТКҚҚ);
  • Тимур Худайбергенов, taxi.kz негізін қалаушы;
  • Әсет Нұрпейісов, «Бухта» финтех-компаниясының CEO;
  • Анар Мақашева, Қазақстан автомобиль одағының президенті;
  • Серік Успанов, Evo Taxi негізін қалаушы, директор, ТКҚҚ мүшесі.

Форум 4 қараша күні Алматы қаласында, ҚІЫО «Атакент» 11-павильонда өтеді. Тіркеу 09:30-да басталады. Форумның билетін мына жерден сатып алуға болады.