Алматыда «Бизнес аңызы» жүлдесінің алғашқы марапаттау рәсімі өтті. Бизнеске арналған Яндекс Go сервисі ұйымдастырған бұл шарада Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына және тұрақты шешімдерді енгізуге елеулі үлес қосқан қазақстандық компаниялар атап өтілді.

Жеңімпаздар тоғыз аталым бойынша анықталды. Мәселен, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру мен жұмыста өзін жайлы сезінуіне үлес қосқаны, қайырымдылық және инклюзияны қолдау бағытындағы бастамалары, сондай-ақ бизнеске оң ықпал етіп, кәсіпкерлерді шабыттандырғаны үшін берілген жүлделер болды.

«Бизнеске арналған Яндекс Go осы салада еңбек етіп жүрген адамдарды, яғни кәсіпкерлерді, басқарушы мамандарды, командаларды қолдауға ұмтылады. Бизнес жүргізудің қаншалық қиын екенін, әсіресе тұрақсыз кезеңде қандай ауыр болатынын жақсы түсінеміз. Сол себепті ештеңеге қарамастан дамып келе жатқан компанияларды атап өту маңызды деп есептейміз. Біз өзіміз де бизнес қауымдастықтан көп дүние үйренеміз және олармен серіктес болғанымызды мақтан тұтамыз», – деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

Бизнеске арналған Яндекс Go сервисі Қазақстан нарығында алты жылдан бері жұмыс істейді. Компания корпоративтік такси мен жеткізу қызметтерін ұсынады, ал келесі жылы корпоративтік тамақтандыру бағытын іске қосуды жоспарлап отыр. Сервис артықшылықтарының қатарында жеңіл әрі түсінікті құжат айналымы, лайықталып жасалған шарттар, жеке менеджерлер және тәулік бойы қолдау қызметі бар.

«Біздің сервис қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын шын мәнінде бірінші орынға қоятын компанияларға арналған. Сонымен бірге, біздің шешімдер бизнес ішіндегі процестерді жүйелеуге және автоматтандыруға көмектеседі. Бұл – тұрақты әрі технологиялық бизнес жүргізудің заманауи тәсілі», – деді Тимур Шалекенов.

«Бизнес аңызы – 2025» жүлдесінің жеңімпаздары:

  • Іскер бағыттар аңызы – Яндекс Go сервисінде жасалған ең көп корпоративтік сапар үшін: Huawei Technologies Kazakhstan
  • Түн аңызы – кешкі және түнгі уақытта ең көп сапар жасағаны үшін: The Caspian International Restaurants Company
  • Логистика аңызы – корпоративтік жеткізудегі тамаша нәтижелері үшін: Centras Brands
  • Қамқорлық аңызы – қызметкерлердің әл-ауқаты мен жайлылығына қосқан үлесі үшін: Эфес Қазақстан
  • Шекарасыз аңыз – сапар географиясын кеңейткені үшін: Tele2 5G Altel 5G компаниялар тобы
  • Бизнес амбассадоры – кәсіпкерлерге шабыт сыйлағаны үшін: Арман Юсупов
  • Экологиялық аңыз – электромобильмен ең көп сапар жасағаны үшін: Promenade
  • Әлеуметтік аңыз – қайырымдылық пен инклюзияны қолдауға қосқан үлесі үшін: Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы
  • Басты номинация – «Жыл аңызы» – бизнестің дамуына, инновацияға және көшбасшылыққа қосқан кешенді үлесі үшін: BCC.kz КТ – Асхат Суйнишев, басқарушы директор.

Қазылар алқасы Асхат Суйнишевті тұрақты бизнес моделінің жарқын өкілі деп, оның жүйелі, инновациялық және жауапты жұмыс атқару арқылы үлгі көрсетіп келе жатқан кәсіпкер екенін атап өтті.