Алматылықтар арасында танымал көшеде Яндекс Плюс Forte виртуалды картасының іске қосылуына арналған «Қала плюста» инсталляциясы пайда болды.
Арт-объектіні жасауға алматылық суретшілер Uno.Raf, Алишер Сеитов, Anstzia will, Aigerim Sattar, Steve Duddits, Алишер Хасанов және 180 prod. командасы қатысты.
Бұл инсталляция қаржылық сауаттылық идеяларын, үнемділік пен еңбек туралы қазақ мақал-мәтелдері түріндегі халық даналығын, сондай-ақ Алматы мен оның тұрғындарының танымал бейнелерін, тіпті финтех әлеміндегі жаңа элементтерді біріктіреді.
«Қала Плюсте» арт-нысаны — Алматының стильдендірілген бейнесі, онда күнделікті шығындарды Яндекс Плюс Forte картасы арқылы жағымды етуге көмектесетін жағдайлар суреттелген. Арт-нысанның бейнелерінде Алматының энергиясын айшықтайтын, қала тұрғындары мен қонақтарына таныс көрікті жерлер бейнеленген.
«Тарта жесең – тай қалар, қоя жесең қой қалар»
Инсталляцияға ақшаны, еңбекті және өзін-өзі дамытуды ақылмен басқару туралы қазақша мақал-мәтелдері енгізілген. Халық даналығы тек сөзбен емес, қаржылық лайфхактарға назар аударатын стильдендірілген көріністер арқылы да жеткізілген. Мысалы, картадағы кэшбэк қалайша таңертеңгі сүйікті кофеңізді сатып алуда, Яндекс Go арқылы жол ақысын төлеуде немесе Яндекс Еда жеткізуінде үнемдеуге көмектесетінін көрсетеді.
Арт-нысанды суретші Uno.Raf пен 180 prod. командасы әзірледі. Стрит-арт өнерінің үздік дәстүрлеріне сүйене отырып, олар картинаға Алматының танымал нысандарын ғана емес, сондай-ақ театр, спорт және музыка жұлдыздарын да енгізді. Және тек олармен шектелмеген.
Арт-нысан Яндекс Плюс Forte виртуалды картасының артықшылықтарын визуалды түрде көрсетеді. Мысалы, Қазақстандағы Яндекс қызметтеріне 20%-ға дейінгі кешбэк: такси, тамақ, самокаттар, жанармай құю және басқалар. Сонымен қатар, карта Яндекс экожүйесінен тыс жасалған басқа сатып алуларға 1%-ға дейін кешбэк ұсынады.
Осы мүмкіндіктердің арқасында пайдаланушылар күнделікті өмірде картаны пайдаланудың нақты пайдасын сезіне алады. Қаржыны саналы түрде басқару және шығындар мен жинақтардың арасындағы тепе-теңдікті табу үшін тартымды шарттар жасалған.
Арт-нысан Арбатта желтоқсанның 20-на дейін тұрады. Бейсенбі күні 5 желтоқсанда, танымал алматылық суретші Виктор Магдеев қаржылық лайфхактарды үйренгісі келетіндерге, қазақ халық мақал-мәтелдерін зерттеп, Алматы мен оның мәдени контекстін тануға құмар жандарға арналған тегін фотосессия өткізеді.
Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары да Яндекс Плюс Forte картасының артықшылықтарын Яндекс Go және Яндекс Еда қосымшаларында пайдалана алады.
Яндекс Плюс Forte картасы туралы
Яндекс Плюс Forte картасы күнделікті өмірде жайлылық пен тиімділікті бағалайтын адамдарға арналған. Картаны Яндекс Go және Яндекс Еда қосымшалары арқылы бірнеше минутта ашуға болады, ал толтыруды - кез келген банктің картасынан немесе ForteBank банкоматтары, терминалдары және кассалары арқылы қолма-қол ақшамен толтыруға мүмкіндік бар. ForteBank желісі Қазақстанның барлық дерлік өңірін қамтиды. Картаны шығару және қызмет көрсету тегін.
Яндекс Плюс Forte картасы пайдаланушыларға шығындарын саналы түрде басқаруға және күнделікті сатып алулардан барынша пайда алуға көмектесетін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. «ForteBank» АҚ-ға берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.