Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 0,3% төмендеді.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2024 жылғы 20 тамыз):
- Күнбағыс майы – 635 тг/л
- Рожки – 319 тг/кг
- Сәбіз – 189 тг/кг
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.