«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Kaspi.kz 2021 жылдың 5 ақпанында өткен Digital Almaty форумы аясында IT-мамандарды оқыту бағытындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе қол қойды.
Бірлескен бастама ұлттық және аймақтық қаржы технологиялары, электронды коммерция мен интернет заттарын дамытуға бағытталады. Серіктестік аясында бағдарламалық сервис инженерлері, кең профильді веб-әзірлеушілер мен мәліметтермен жұмыс істейтін мамандар, IT-экожүйелердің архитекторларын дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту сонымен қатар автоматтандырылған QWANT бұлттық платформасы базасында өтеді.
Ернұр Рысмағамбетов, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасы: «Мемлекет пен бизнес ІТ мен аралас салаларда білікті мамандардың тапшылығын сезінуде. Жаңа технологиялар саласында сарапшыларды жүйелі түрде дайындамай ауқымды реформалар мен сапалы цифрлық қайта құру, соның ішінде Data Driven Government қалыптастыру мүмкін емес. Біз бұл процесске мүмкіндігіміз жеткенше көмек көрсетуіміз керек».
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі: «Біздің команда ІТ және мәліметтерді сараптау саласында жоғары білікті мамандарды дайындау бастамасына қосылады және қуана қолдайды. Біз Қазақстандағы технологиялық салаларда біздің өмірімізді жақсартатын жоғары санатты мамандардың көп болатынына, көптеген инновациялық қызметтердің пайда болатынына сенеміз».