17 желтоқсанда банк секторы жалпы өзгере қойған жоқ, Halyk нарықты жоғары итерсе, ЦентрКредит банкі төмен тартты.
Британиялық мажоритар акционері үлесін сатады деген жаңалықтан кейін Air Astana құлдырап, екі айға жуық уақыттың минимумына түсті, уран нарығындағы өткен аптадағы төмендеудің осы аптада Қазатомөнеркәсіпке жеткені байқалады. Есесіне ҚазТрансОйл айтарлықтай қымбаттады, бірақ бәрібір KASE-ні минустан шығара алмады.

Күміс құны әдетінше шарықтап барады, мұнай 60 доллар айналасында іліп-салынып жүр, алтын бағасы да тұрақты.
Айта кетсек, BAE Systems Air Astana акциясының 10,1%-ын сатты.
Ал Freedom Broker сарапшылары Air Astana акциясы қысқа мерзімде арзандайтынын болжады.