Айлық табыс жетпесе де енді банктер автонесие мен ипотека бере береді

Айлық табыс жетпесе де енді банктер автонесие мен ипотека бере береді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) есептеу ережелеріне өзгеріс дайындады. 

БЖК — қарыз алушының барлық несиелері мен қарыздары бойынша ай сайынғы төлемдер сомасының оның айлық табысына қатынасы. Банктер мен микроқаржы ұйымдарында оның ең жоғары рұқсат етілген шамасы 50%-ды құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін БЖК-нің ең жоғары деңгейін сақтау талабы мыналарды сатып алуға несие берген кезде қолданылмайды:

  • жаңа автокөлік (кепілге тіркеу шартымен);
  • пайдаланылған автокөліктер (оның құнының 50%-дан астамын бастапқы жарнамен, сондай-ақ кепілмен);
  • 30-дан 50%-ға дейін бастапқы жарнасы бар, кепілдікпен үш жылға дейінгі автокөліктер;
  • тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі және Ұлттық банктің ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында берілген несиелер.

«Ашық НҚА» сайтында жарияланған жоба тек отандық көліктерге ғана қатысты.