ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Азия Даму банкі және "Астана хаб" технопаркінің қолдауымен «COVID-19 бақылау орталығы» веб қосымшасының жаңартылған нұсқасының прототипін жасауға байқау жариялады.
Жеңімпазға $50,000-дың келісімшарты беріледі.
«COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйесі короновирусқа шалдыққан, шалдыққандармен байланыста болған және жазылып кеткен адамдарды тіркеу және мониторинг жасау үшін қолданылады. Бастапқыда уақыттың тарлығынан министрлік аталған қосымшаны open source негізінде жасаған еді. Енді соны жаңарту керек.
Аталған қосымшаны жасауға жеке адам немесе 3 адамдық топ қатыса алады. Жастары 18-ден асуы керек. Оларға қойылатын талаптар:
- Python 3-ды біру;
- scalable веб қосымшасын дайындау тәжірибесінің болуы;
- DevOps құралдарының (git, docker, CI/CD) стандарт топтамасының болуы;
- Flask, FastAPI, Celery, Pandas, SQLAlchemy білуі;
- SQL білу, Postgres тәжірибесінің болуы;
- HTML5, Native JS/JQuery білу;
- Linux, Bash тәжірибесінің болуы;
- Ең бастысы - нәтиже көрсету.
Техникалық тапсырма мен сұрақ қою үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://inov8.kz/task1/covid-19.
Қосымша сұрақтарыңызды email: rnd@astanahub.kz поштасына жолдауға болады.
Өтінім қабылдау уақыты: 24 маусым мен 05 шілде аралығы.