2025 жылы қай банк қанша таза пайда тапты?

2025 жылы қай банк қанша таза пайда тапты?

Ұлттық банк Қазақстан банктерінің 2025 жылғы таза пайдасы бойынша толық мәлімет ұсынды. Ең ірі 10 банктің жағдайы (бір жыл ішіндегі өсім мен теңгедегі көрсеткіші):

Halyk Bank: +15% немесе 132 млрд, 976,8 млрд-қа дейін;

Kaspi Bank: +7,6% немесе 40,7 млрд, 571,5 млрд-қа дейін;

ЦентрКредит Банкі: +23% немесе 45 млрд, 240,1 млрд-қа дейін (бұл көрсеткішке мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтару әсер етті);

Отбасы банкі: +5,5% немесе 6,7 млрд, 127,4 млрд-қа дейін;

Forte Bank: +14% немесе 22,3 млрд, 182,2 млрд-қа дейін;

Alatau City Bank: –7,6% немесе –12 млрд, 144,7 млрд-қа дейін (бұл банк те мемлекеттік көмекті қайтарды);

Еуразиялық банк: –82% немесе –74,5 млрд, 16,4 млрд-қа дейін (мемлекеттік көмекті қайтарды);

Bereke Bank: +400% немесе 47,6 млрд, 59,5 млрд-қа дейін;

Bank RBK: +13,4% немесе 7,6 млрд, 64,1 млрд-қа дейін (мемлекеттік көмекті қайтарды);

Freedom Bank: –76% немесе 38,5 млрд, 12,1 млрд-қа дейін (бағалы қағаздардың теріс қайта бағалануына байланысты).

Пайданың азаюы сонымен қатар «Ситибанк Қазақстан» (–20%), «Шинхан Банк Қазақстан» (–42%), «Қазақстан – Зираат Интернешнл банк» (–27%) сияқты мекемелерде де байқалды. Нарыққа жаңадан келген кореялық «Банк БиЭнКей» 2,5 млрд теңге шығын көрсетті. Пайданың өсу қарқыны бойынша ең таңғаларлық нәтиже Zaman Bank-те: бірден 16 есе өскен. Дегенмен, теңгемен шаққанда бұл небәрі +4,1 млрд қана.

Жалпы алғанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан банктерінің жиынтық таза пайдасы 6,7% артып, 2,726 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларды несиелеу ережелері мен пруденциялық нормативтердің қатаюы аясында өсу қарқыны 2,5 есеге баяулады (бір жыл бұрын өсім +17% болған еді).