2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы орта есеппен 10% өсті. Бұл көрсеткіш еліміздің әр өңірінде әртүрлі қарқынмен көрініс тапты. Деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Ең көп өсім Павлодар облысында (+22,2%) тіркелді. Одан кейінгі орында Шымкент (+13,3%), Алматы (+12,6%) қалалары, Жетісу (+11,3%), Қызылорда (+10,4%) облыстары тұр. 

Ең аз өсім тіркелген өңірлер: Абай (+1,5%), Шығыс Қазақстан облысы (+1,9%), Түркістан облысы (+2,5%), Солтүстік Қазақстан облысы (+2,6%), Қарағанды (+3,3%). 

Айта кетсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы орта есеппен 8,7% өсті