2024 жылы Қарашығанақ жобасы Қазақстан бюджетінің негізгі донорларының бірі болды. Сарапшылардың айтуынша, мемлекетке түскен табыс мен акционерлердің табысы арасындағы айырмашылық елдің пайдасына шешілді.
Қарашығанақта бір жылда 11 млн тоннадан астам тұрақты конденсат өндірілді. Жоба Өнімді бөлу туралы келісімнің түпкілікті нұсқасы бойынша жұмыс істейді. Бұл келісімге сәйкес Қазақстан өндіруден түскен «пайдалы мұнайдың» 20%-дан 80%-ға дейінгі үлесін алады. Үлес мөлшері жобаның шығындары өтелгеннен кейінгі объективтілік индексіне байланысты.
Мемлекетке түскен табыс
2024 жылы жобаның операторы КПО компаниясы Ұлттық қорға 1,1 трлн теңге (шамамен 2,4 млрд доллар) аударды. Бұдан бөлек, акционерлер 800 млн доллар корпоративтік табыс салығын төледі. Осылайша, Қазақстан бюджетіне жалпы 3,2 млрд доллар түсті.
Акционерлердің үлесі
КПО акционерлерінің (оның ішінде «ҚазМұнайГаз») таза табысы 1,4 млрд доллар болды. Яғни, пайда үлесі 70% Қазақстанға, 30% акционерлерге тиесілі. 2009 жылға дейін жағдай керісінше болатын: шығындар толық өтелмегендіктен, табыстың 70%-ы шетелдік инвесторларға, 30%-ы Қазақстанға түсетін.
Айта кетсек, 2024 жылы Теңізшевройлдың шығыны артып, таза пайдасы еселеп азайды. Жалпы, ТШО-ның жиынтық табысы 18,9 млрд долларды құрады. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (19,4 млрд доллар) сәл төмен, ал 2022 жылмен салыстырғанда (23,8 млрд доллар) біршама азайған.