Мемлекет басшысы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- ең төменгі жалақы 60 000 теңгенің орнына 70 000 теңге болады;
- ең төменгі АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 3 450 теңге;
- күнкөріс минимумы 49 567 теңгеге дейін көтеріледі;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 21 907 теңге;
- ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңге болады.