Mitsubishi Delica айтарлықтай өзгертілді

Сырттай көлікті бұрынғы «Деликаға» ұқсатуға болады. Баяғы радиаторлық үлкен тор, дөңгелек алауларының жіңішкелігі мен вертикалды шамдары сол қалпы сақталып, аздап рестайлингтен өткен.

Көліктің «тұмсығы» 100 мм-ге ұзартылған.

Салоны да өзгеріске ұшырап, интерьері толығымен жаңартылған. Дегенмен, барлық басқару тетіктерінің орындары баяғы қалпында қалған. Компания тек дизайнды ғана емес, материал сапасын да арттырғанын мәлімдеп отыр.

Көлікке алғаш рет 10,1 дюймдік экран қойылған.

Көлік 2.3-литрлік 145-қуатты турбодизель (380 Нм). 6 сатылы ескі автоматтың орнына 8 сатылы автомат қойылған. Деликаның алды мен арты қатар тартады.

Көлік әзірге Жапонияда ғана қолжетімді. Экспорттық нұсқасының шығар-шықпасы белгісіз. Көліктің бағасы 34 мың доллардан басталады.

 

Mitsubishi Delica обновилась впервые за 11 лет

 

Mitsubishi Delica обновилась впервые за 11 лет

 

Оқыңыз:   Мырзахметов ет нарығындағы санитарлық мәселелерге тоқталды