KASE басшысы Астана биржасының кемшіліктерін атады

Қазақстан қор нарығы (KASE) басшысы Алина Алдамберген Астанада акциясы сатылатын ұлттық компанияның акциясын шетел биржасында сатпау керектігін айтты.

Бұл жергілікті нарықтың мүддесіне қайшы.

Оның айтуынша, қос листингтен, яғни компания акциясын Астана биржасында да, Лондон биржасында да IPO-ға шығармау керектігін айтты. «Егер Лондоннан сатып ала алатын болса, инвесторлардың Қазақстанға не үшін келуі мүмкін?» деді Алдамберген.

Оның айтуынша, халықтық IPO-да бөлшек инвесторлардың саны көп. Акцияны нарыққа шығаруға мүмкіндік беріп тұрған да брокерлердің белсенділіктері.

«Нарық айналымы өте төмен — 1,8%», — деді Алдамберген.

Сонымен қатар оның айтуынша, қазір биржаға банктер мен квазимемлекеттік сектор ғана шығарылып жатыр, ал нақты сектор мүлде жоқ. «Осыны түзету керек», — деді маман.

KASE басшысының айтуынша, мұндай жағдай облигация нарығында да байқалуда.

Сарапшының пікірінше, нарыққа жеке меншік компанияларлдың кіре алуына жағдай жасау керек.

Оқыңыз:   Қазақтар БЖЗҚ-дағы қаржысының қайда жұмсайтынын өздері шешеді