iPhone 8 және iPhone X телефондары таныстырылды (фото)

Apple компаниясы жаңа iPhone X телефонын таныстырды. Компанияның хабарлауынша, телефон бағасы $999.

Жаңа смартфон «оныншы айфон» деп аталады. Одан бөлек компания осы жолы iPhone 8 және iPhone 8 Plus телефондарын шығарды.

Apple-дың жаңа телефондарының ерекшеліктері мынадай:

  • Телефонның дизайны жетінші айфоннан айтарлықтай ерекшелінген.
  • Экраны OLED технологиясымен жарақтандырылған.
  • Жаңа экран 2436 x 1125 пиксельден тұрады.
  • Компания мәліметінше, iPhone 7 телефонына қарағанда оныншы айфонның батареясы екі есе артық уақытқа жетеді.
  • Телефон екі түспен шығады: сұр және қою сұр.
  • Сонымен қатар, камераның сапасы да артқаны айтылады.

AppleApple

iPhone XApple

Front CameraApple

iPhone X Face IDApple

 

AirPowerApple

 

iPhone 8Apple

Apple iPhone lineup

Оқыңыз:   Қазақстанда ең көп интернет қолданатын кімдер? (КЕСТЕ)