Forex нарығы көлеңкеден шығарылады

ҚР Ұлттық банкі Форекс нарығындағы брокерлердің жұмысын бақылауға алмақ.

«Жаңа бақылау орната отырып Форекс нарығы көлеңкеден шығарылады, құзіретті орган тарапынан бақылау орнатылып, қаржы қызметтерінің тұтынушыларының құқықтары қорғалып, адал Forex-брокерлер Қазақстанға шақыртылады», — деп жазады Ұлттық банк.

Ұлттық банк мәліметінше, Forex нарығының шетелдік  біздегі қатысушылары Қазақстанның лицензиясын алмаған. Тиісінше, олар туралы құзіретті органдарда қажетті мәлімет болмайды.

«Форекс брокерлері мен клиенттердің қатынасы тек екеуара келісімшарт негізінде реттеледі, өйткені, аталған брокерлер Қазақстанға тіркелмеген, тиісінше оларға Қазақстанның құзіретті органдарының құзіреті жүрмейді. Және ол брокерлер туралы қандай да мәлімет те бере алмайды. Сол себепті егер инвестор алданып қалса, тек өзі жауапкершілікті көтереді», — дейді Бас банк.

2018 жылдың басынан бері Ұлттық банккежеке тұлғалардан Форекс брокерлеріне қатысты алты шағым түскен.

Оқыңыз:   Ақышевтің БЖЗҚ қаржысын жеке компанияға беру шешімін Келімбетов "қауіпті" деп атады