Astana Hub стартапшылары $200 млн инвестиция тартпақ

Astana Hub технопаркі 2022 жылға дейін стартаптарға 200 млн доллар инвестиция тартпақшы.

«2022 жылға дейінгі инвестиция көлемі 200 млн долларға жетуі керек. Мақсатымыз биік, дегенмен орындауға мүмкіндік бар», — деп жазады LS басылымы технопарктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«100 стартап» акселераторлық бірінші бағдарлама кезінде 4 стартап шамамен 80 мың доллар қаражат тапты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы құрылған технопарк, 2018 жылы нарықты ынталандыруға жұмыс істеуді бастаса, 2020 жылға қарай коммерцияланып, 2022 жылы жекешелендірілмек.

Оқыңыз:   Үкімет ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 30%-ға көбейтпек