Apple бүгінге телефон сатудан $760 млрд табыс тапты

2018 жылдың соңына қарай iPhone телефондары 1 трлн долларға сатылған әлемдегі ең алғашқы смартфонға айналмақ, деп мәлімдеді Strategy Analytics компаниясының директоры Кен Хайерс.

Компания зерттеуінше, 10 жылдың ішінде Apple компаниясы iPhone сатылмынан 760 млрд доллар тапқан.

Айта кетейік, алғашқы iPhone сатылымға 2007 жылы шыққан еді. Strategy Analytics есептеуінше, Apple бүгінге дейін 1,2 млрд смартфон сатқан.

Оқыңыз:   Қазақстанның көліктері қай мемлекеттерде сатылады?