Apple бюджеттік жаңа Macbook Air мен Mac mini-ді таныстырды

Apple MacBook ноутбугының жаңа бюджеттік нұсқасы – экраны Retina Macbook Air мен компьютердің жаңа түрі Mac mini, сонымен қатар жаңа iPad Pro-ны таныстырды.

Жаңа өнімдер iPhone Xs, Xs Max және Xr гаджеттерінің шыққанынан бір жарым айдан кейін көпшілікке жол тартпақ.

Macbook Air ноутбугының жаңа нұсқасының диагоналі 13,3 дюйм. Салмағы 1250 грамм, ал қалыңдығы – 15,6 миллиметр.

Ноутбук сонымен қатар ақпаратты сақтаудың жүйесінің контроллеріне, үлкейтілген тачпад, саусақ таңбасының сканері, екі USB-C порты соңғы толқын клавиатурасы, 8-ші толқын қосядролы Intel Core i5 процессоры мен 16 Гбайттық жадыға мен ие болды.

Аппараттың жұмыс уақыты браузерде 12 сағатқа дейін, ал видео көру 13 сағат.

Базалық модельдің жадысы 8 Гбайт болса, бағасы $1199.

АҚШ-та бұл құрылғыны 30 қазаннан бастап тапсырыс беру мүмкін болып жатса, сатылымға 7 қарашада шығарылады.

Ал Mac mini-дің ерекшеліктері: 8-ші толқын 4-6 ядролы Intel Core i5 процессоры, базалық модельде жадысы 8 Гбайт, ал бағасы $799.

Сатылымға 7 қарашада шығады.

Жаңа iPad Pro-ның Face ID функциясы бар. Дисплей 11 дюйм, қалыңдығы 5,9 мм. камерасы 7 мегапиксель.

Оқыңыз:   Сауданың азаюынан Apple басшылығы жалақысы кесілуде