15 тамызға дейін Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі акселератор бағдарламасына өткісі келетін стартаптардан өтінімдер қабылдайды. Бағдарлама үш ай бойы жалғасады, оның барысында командалар өз жобаларын дамытып, тәлімгерлермен және трекерлермен жұмыс істейтін болады.

Қатысу тегін.

MVP сатысындағы немесе прототипді әзірлеу кезеңіндегі стартаптар өтігім бере алады, оған қоса командаңызда 2 негізгі қатысушысының болуы міндетті.

Іріктеуден өткен үздік стартаптар Astana Hub акселераторына келіп түседі. Бағдарлама аясында:

- 12 апта оқыту

- Түсімнің 5-10 есе өсуі

- Стартаптың болашағын егжей-тегжейлі жоспарлау

- Маркетинг, талдау және сату бойынша ақпарат

- Халықаралық нарықтарға шығу

Алдағы акселератордың 9-шы легі онлайн режимде өтеді, яғни әлемнің кез келген жерінен онлайн білім алуға болады. Әрбір ағынға стартаптардың шектеулі саны ғана қабылданады, сондықтан ресми сайтымызға өтіп, қатысу үшін өтінім тастауға асығыңыз.

Әлемдегі коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған қаржы және экономикалық дағдарысқа қарамастан, өткен акселератор ағынының стартаптары (7-ші лек) өз сатылымдарын 28,7 миллион теңгеге арттырған, ал акселерациялық бағдарламаның соңында сатылымның жалпы сомасы 114 миллионнан астам теңгені құрады. Е-commerce, білім беру, виртуалды және толықтырылған шындық, финтех, жылжымайтын мүлік, компаниялардың бизнес-үдерістерін автоматтандыру және т. б. саладағы жобалар қарастырылды.

Бүгінде Astana Hub акселерация бағдарламасына 169 стартап өтті. Акселерациялық бағдарламаның қорытындысы бойынша Demo Day іс-шарасы өтеді, онда үздік стартаптар инвесторлар алдында өз жобаларын таныстыратын болады. Түлектердің басты міндеті - стартап-жобалардың әлеуетті инвесторларды қызықтыратындай етіп таныстырылым жасап, өз жобаларын дамыту үшін инвестиция тарту.