2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан бойынша үй бағасы орташа есеппен 6 пайыз қымбаттады, деп хабарлайды krisha.kz.

Өсім қарқыны бойынша көш басында Өскемен. Мұндағы шаршы метр жыл басынан бергі алты айда 11.8 % өскен.

Одан кейінгі Таразда баға 9.2%, Семейде 8.8%, Оралда 8.6%, Павлодарда 8.1%, Шымкентте 7.9% қымбаттады.

Петроравлда 7.8%, Қарағандыда 7%, Көкшетауда 6.7%, Талдықорғанда 6.1% өскен.

Ақтөбе 5.3%, Қызылорда 4.7% көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен.

Алматыда баға бар болғаны 4.7% қымбаттаса, Қостанайда 4.5% өскен.

Баға айтарлықтай өспеген қалалар Нұр-Сұлтан (2,8%), Атырау (1,3%) және Ақтау қалалары (0,3%).

Қалалар бойынша үйдің бағасы шамамен төмендегідей:

Қала теңге/1 шаршы метр
Алматы 440 500
Нұр-Сұлтан 347 920
Шымкент 268 720
Атырау 266 800
Өскемен 252 020
Петропавл 250 380
Қарағанды 247 420
Көкшетау 232 140
Талдықорган 228 060
Қостанай 223 480
Орал 222 180
Павлодар 210 940
Семей 206 940
Ақтау 201 400
Тараз 186 960
Ақтөбе 159 140
Қызылорда 143 620