Ұлттық банктің мәліметінше, 1 маусымдағы мәлімет бойынша, банктер бизнеске 13,9 трлн теңге қарыз берді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9,4% артық.Бизнеске берілген қарыздың ішінде ең көбі өнеркәсіп 1,9 трлн теңге (бір жылда +3,1% өсім). Одан кейін тасымал саласы 527,7 млрд теңге (+6,2%), ауыл шаруашылығы 270,1 млрд теңге (+13,1%), байланыс 139,5 млрд тенге (+1,4%), қалған салалар 8,7 трлн теңге (+16%) алды.

Есесіне сауда саласына берілген қарыз 0,2 пайыз азайып, 1,695 трлн теңге болса, құрылыс саласына берілген несие 9,2% азайып 651,8 млрд теңгені құрады.