Ұлттық банктің хабарлауынша, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2020 жылғы мамырдың соңында бір айда 0,1%-ға ұлғайып, 19 671,7 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 10 027,3 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 9 644,4 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға азайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 11 582,7 млрд теңгеге дейін 4,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 089,1 млрд теңгеге дейін 5,2%-ға азайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы мамырдың соңында 41,1%-ды құрады (2019
жылғы желтоқсанда – 43,1%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы мамырда 6 019,4 млрд теңгеге дейін 6,5%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 4 007,9 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға төмендеді (заңды тұлғалардың депозиттерінің 40,0%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 5 563,3 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 3,9%-ға 4 081,1 млрд теңгеге дейін азайды (жеке тұлғалардың депозиттерінің 42,3%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 2,4%-ға ұлғайып, 13 574,4 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 7 934,2 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 640,2 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,6% (2019 жылғы мамырда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 10,3% (9,3%) болды.