«7-20-25» ипотекасына берілген өтінімнің үштен екісі мақұлданады

Алматыда өтіп жатқан Қаржыгерлер конгресінде «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков «7-20-25» бағдарламасының нәтижесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің әріптес банктер құны 50 млрд теңге болатын өтінім қабылдады. Оның ішінде 35 млрд теңгенің несиелері мақұлданды. Бүгінде ипотекалық ұйыммен 7 банк серіктесе жұмыс жасап жатыр. Біз ипотекалық нарықтың инфрақұрылымын жақсартатын, кредиторлардың құқығын қорғайтын, бизнес-процестерді автоматтандыратын, барлық нарыққа тиімді ықпал ететін дүниелерді қолға алмақпыз», -деді Қайрат Алтынбеков панельді отырыста.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін жалпы саны 50 мың данадан кем емес тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болады.
Оқыңыз:   Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге ТҮҚЖ банкі арзан үй ұсынады