«7-20-25» бағдарламасына жаңа үйлер жетіспей жатыр

Баспана нарығында жаңа үйлердің тапшылығы байқалуда. Бұл «7-20-25» ипотекасына кері әсер етпек. 

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының төраға орынбасары Талғат Байдосов мәлімдеді.

«Жаңа үйлердің тапшылығы, әсіресе өңірлердегі тапшылық бағдарламаға кері әсер етіп жатыр», деді Байдосов.

Оның айтуынша, жаңа үйлердің жетіспеуіне негізгі екі себеп бар. Біріншіден, құрылыс компаниялар 90 пайыз жағдайда үйді салып бітпей жатып үлескерлікпен сатып жібереді. Екіншіден, құрылыс компанияларының тек Алматы мен Астанада үй салып, өңірлерге барғысы келмейтіні.

«Біздің есебімізше, аталған бағдарламаға қатысатын отбасылардың ең төменгі айлық кірісі 120 мың теңге болуы керек», – деді маман.

 

Оқыңыз:   Универсиада үйлерін кімдер сатып ала алады?