2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында "алаяқтық" бойынша 31,9 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылғы осы уақыттағыдан 39% көп.

Өткен жылы көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,4% азайған еді.

Осының жартысынан көбі, 52% яғни 16,6 мыңы интернет-алаяқтар. Сонымен қатар төлем карталары бойынша 266 қылмыстық құқық бұзушылық, қарыз алу бойынша 108 іс, несиелендіру бойынша 31 іс, жылжымайтын мүлікке қатысты 6 іс тіркелген.

Жалпы жыл басынан бері 125,2 мың қылмыстық іс тіркелді, оның 25,5%-ы алаяқтық.

Өңірлер бойынша алаяқтық ең көп 6,4 мың, былтырғыдан 38% өскен. Одан кейін астана (5,2 мың, +79,3%) мен Шымкент (2,9 мың, +20,5%).

Алаяқтық ең аз тіркелген Қызылорда облысы (577, +22%).

Ал алаяқтық саны азайған өңір жалғыз ШҚО. 0,2% азайып, 1,8 мың болды.

Алаяқтық жасағандардың ішінде 3,7 мың жұмыссыз, 121 жұмыскер, 110 мемлекеттік қызметкер, 101 жеке кәсіпкер, 36 оқушы немесе студент, 9 әскери.

Жоғарыдағы алаяқтық бойынша жалпы құны 47,4 млрд теңге шығын болды. Соның ішінде 34,9 млрд теңге шығын жеке тұлғаларға, 8,3 млрд теңге мемлекетке, 4,2 млрд теңге заңды тұлғаларға тиесілі.