Бөлшек сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9186,1 млрд. теңгені құрады немесе 2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 6% көп, деп хабарлайды Статистика бюросы.2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (32,1%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,3%), Қарағанды (8,9%) және Шығыс Қазақстан (8,7%) облыстарына келеді.Айта кетейік, таяуда елдегі көтерме сауданың да қарқын алғаны айтылған еді.