2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында мемлекеттік бақсару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі былтырғы осы уақыттағымен салыстырғанда 40,6% азайып, 26,9 млрд теңге болды.

Өткен жылы инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,4 есе өсіп 45,2 млрд теңгені құраған еді.

Өңірлер бойынша бірінші орында Атырау облысы 5,1 млрд теңге (+55,4%), екінші орында елорда (4,6 млрд тг) және Түркістан облысы(4,3 млрд теңге). Осы үш өңір жалпы көрсеткіштің 52,2%-ын құрайды.

Ең қарқынды өсім Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Былтырғымен салыстырғанда бұл облыс осы үш салаға инвестиция көлемін бірден 97 есе көбейтіп, 748,2 млн теңгеге жеткізді.

Ал ең қарқынды төмендеу Батыс Қазақстан облысында. Бір жылда 85,8% төмендеп, 138,5 млн теңгені құрады.

Биыл инвестицияның басым бөлігі жергілікті бюджетке тиесілі. Жергілікті бюджет инвестициясы былтырғыдан 40,8% төмендеп, 19,4 млрд теңгені құрады. 6,4 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Былтырғыдан 43,8% аз. Ал кәсіпорындардың өзіндік қаражаты 1,1 млрд теңге болды.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы елдерінің қарулы күштерін байланысының бірлескен жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдаған еді.

Келісімге сай, қарулы күштердің бірыңғай жүйесін құру көзделген.