Ұлттық банктің жеңілдетілген несиелері экономикаға қаншалықты көмектесті

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы Ұлттық банк қатысқан жеңілдетілген бағдарламалардың нәтижесіне шолу жасады.

• 2018-2021 жылдар аралығында Ұлттық банк 5 жеңілдетілген бағдарламаны қаржыландырды. Оған жалпы құны 2,8 трлн теңге бөлінді. Соның ішінде 64%-ы, яғни 1,8 трлн теңге бизнеске, 36%, яғни 1 трлн теңге жеке тұлғаларға берілді.

• Бағдарламалар бойынша кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы қаражаттың 37%-ын, «Қарапайым заттар экономикасы» 27%-ын, «Баспана Хит» 21%-ын алды.

• Айналу принципі арқылы қаржыландыру көлемі әуелгі жоспардан асып түсті. Мәселен, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие 131%, автонесиелендіру 127%; қарапайым заттар экономикасына берілген қаражат 113% және «Баспана Хит» қаржысы 122% ұлғайды.

• Жалғыз «7-20-25» бағдарламасы ғана қаражатты игеріп біткен жоқ. Оның себебі сұраныс шоғырланған ірі қалаларда жаңа үйлерді аздығы және қарыз шегінің 25 млн теңгемен шектелуі.

• Қазір барлық 5 бағдарламаның 4-еуі қаражатты толығымен игеріп болды деп айтуға болады. Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасының қаражаты аяқталғанша, яғни 2025 жылға дейін қатысуды жоспарлап отыр.

Қорытынды

Аталған бағдарламалар алдымен банктердің берген несиесін арттырды. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық ахуалын түзетті. Жалпы ішкі өнімнің өсуіне де ықпал етті.

Алайда Ұлттық банк бағдарламаларды тоқтатқан кезде несие беру деңгейі күрт төмендеп, бұл өз кезегінде экономикалық өсімді баяулату қаупі бар.

Дей тұрғанмен, Ұлттық банктің бұл бағдарламалары банктердің берген несиелерінің 11%-ын ғана құрайды.

 

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Ұлттық банктің жеңілдетілген несиелері экономикаға қаншалықты көмектесті

Ұнады (0)