Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында үй құрылысы азайды

2021 жылдың 9 айының қорытындысында құрылыс саласында нақты көлем индексі 109,7% құрады. Оң динамика барлық өңірде байқалады6 деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Осы уақыт аралығында 10,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108% құрайды.

Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 89 102 тұрғын үй тапсырылды. Маңғыстау облысын (98,8%) және Алматы қаласын (92,5%) қоспағанда, 15 өңірде өсім бар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 17 млн.шаршы метр тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету жоспарланған.

 

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында үй құрылысы азайды

Ұнады (0)