Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Моңғолия Республикасының Сыртқы істер министрі Батцэцэг Батмунхпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді жағдайларда тауар айналымы көлемін ұлғайтуға зор мән береді.

"Моңғолия Қазақстанның әлеуетті сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Мәселен, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-тамызда $33,9 млн. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4% - ға жоғары. 2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстаннан Моңғолияға экспорт 46,3%-ға өсіп, $32,1 млн құрды. Моңғолиядан  Қазақстанға импорт 2021 жылғы қаңтар-тамызда 48,7%-ға өсіп,  $1,8 млн. құрды", - деді Бақыт Сұлтанов.

Моңғолияға экспорттың өсімі тұрмыстық техника, ыдыстарды толтыруға және тығындауға арналған жабдықтар, тауарларды буып-түю, пахта, йогурт, айран, бидай, жұмыртқа, мұнай өнімдері сияқты тауарларды жеткізудің артуымен негізделеді.

Сонымен қатар, сауда айналымының көлемін арттыру мақсатында Бақыт Сұлтанов моңғол әріптестеріне мұнай-химия, тамақ, металлургия, машина жасау, химия өнімдері, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ құрылыс материалдары сияқты салаларда $245 млн. сомасына 70 тауар позициясын жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынды.

Қазақстандық тарап "KazakhExport" АҚ экспорттық қаржыландыру, , ұзақ мерзімді лизинг, сақтандыру және т.б. сияқты құралдар арқылы қаржыландырудың қолайлы шарттарын ұсына алады.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап "Таван-Толгой" ірі тас көмір кен орнын игеру жобасы аясында қазақстандық локомотивтерді жеткізуге мүдделі, сондай-ақ Ұлан-Батыр қаласы мэриясының қажеттіліктері үшін қазақстандық өндірістегі мектеп және жолаушылар автобустарын жеткізуге дайын.

Сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Іскерлік кеңес құруды, оның алғашқы отырысын жақын арада ұйымдастыруды және оның жұмысына екі елдің кең ауқымды бизнес топтарын тартуды ұсынды.

Өз кезегінде, Моңғолия Республикасының Сыртқы істер министрі Батцэцэг Батмунх Қазақстан Моңғолия саясатында маңызды орын алатынын хабарлады.

Кездесу барысында ол атап өткендей, Моңғолия үшін өз күш-жігерін ҚР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағыттау, сондай-ақ жұмысты елдер арасындағы тауар айналымын арттыруға бағыттау өзекті болып табылады.

Моңғол тарапы, сондай-ақ, үй малын сәйкестендіру және тіркеу, генетикалық ресурстардың деректер базасын құру, мәрмәр сиыр етін өндіру, сондай-ақ ветеринария және мұнай салалары бойынша түрлі салаларда тәжірибе алмасу мүмкіндігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастықты кеңейту үшін Министрлер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.