Сауда автоматтарының саудасы алдағы бір жылда қарқынды өседі

Қазақстандағы автоматардағы бөлшек сауда көлемі пандемия кезінде үштен бірге дейін төмендеп кеткен еді.

Ал алдағы бір жылда аталған құлдырау қалпына келіп, үштен бірге ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды kursiv.kz.

Сарапшылардың пікірінше, биыл автоматтардағы сауда 13,6 млрд теңге болмақ. Ал келер жылы көрсеткіш 18,2 млрд теңгеге жетеді деген болжам бар.

Басылымның мәліметінше, 2020 жылы сауданың бұл түрі 11,9 млрд теңге болған. Ал 2019 жылы көрсеткіш осыдан 29,9% көп болған еді.

Сонымен қатар, елдегі электронды сауда көлемі де биыл пандемияға дейігі деңгейге жетіп, 13,6 трлн теңгені құрамақ.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Сауда автоматтарының саудасы алдағы бір жылда қарқынды өседі

Ұнады (0)