2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстандағы көтерме сауда көлемі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда ақшалай 18,5% ұлғайып, 16,7 трлн теңгеге жетті. Ал физикалық өсім 10,5% болды.Соның ішінде 17,4%-ы азық-түлік тауарларына тиесілі. Бұл тауар түрлерінің саудасы былтырғыдан 5,1% өсіп, 2,9 трлн теңге болды. Ал 82,6%-ы азық-түлік емес тауарлар. 21,8% көбейіп, 13,8 трлн теңгені құрады.

Былтыр көрсеткіш 7,3% төмендеп 14,1 трлн теңге болған еді.

Өңірлер бойынша сауданың үштен бірінен артығы, яғни 39,3%-ы Алматы қаласына тиесілі. Бұл шамамен 6,6 трлн теңге. Былтырғыдан 8,7% көбейген.

Екінші орындағы Нұр-Сұлтандағы көтерме сауда көлемі былтырғыдан 21,1% ұлғайып 2,5 трлн теңгені құраса, Атырау облысында 60,4% артып 2,3 трлн теңгеге жетті.

Ең қарқынды өсім Атырау облысында болса, ең баяу өсім, яғни 0,9% өсім БҚО-да. Мұндағы көтерме сауда көлемі 232,2 млрд теңге.

Кәсіпорын түрлеріне қарай, сауданың 10,7 трлн теңгесі жеке компанияларға, 5,9 трлн теңге шетелдік компанияларға, 50,1 млрд теңге мемлекеттік компанияларға тиесілі.

Шағын бизнес үлесі 12,9 трлн теңге. Былтырғыдан 15% өсім. Орта кәсікерлік үлесі 3,2 трлн теңге. Былтырғыдан 35,1% өсім. Ал ірі кәсіпкерлік үлесі 643,9 млрд теңге. Былтырғыдан 18,4% өсім.