2021 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстан 727,8 млн АҚШ долларына 3,2 млн тонна астық экспорттады. Экспорттың физикалық көлемі 24,8%, ал ақшалай 30,6% ұлғайды.Экспорт негізінен ТМД елдеріне бағытталды. Достастық елдеріне экспорт көлемі былтырғыдан 5,6% көбейіп 2,2 млн тоннаға жетті. Соның ішінде Өзбекстанға 1,6 млн тонна, Тәжікстанға 508,8 мың тонна, Ресейге 42,1 мың тонна жөнелтілді.

ТМД-ға кірмейтін елдерге экспорт көлемі 2,1 есе өсіп, 993 мың тоннаға жетті. Соның ішінде Ауғанстанға экспорт 38,3% өсіп 355,6 мың тоннаға жетті. Иранға 342,1 мың тонна, Қытайға 154,8 мың тонна жіберілді.

Ал ұн экспорты 749,1 мың тоннаны құрады. Құны 207,6 млн АҚШ доллары. Физикалық көлемі 11,5%, ақшалай 12,1% азайды.

ТМД елдеріне экспорт 16,4% азайып, 261,2 мың тоннаны құрады. Негізгі импорттаушылар Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан.

Өзге елдерге экспорт 8,6% азайып, 487,9 мың тонна болды. Негізгі тұтынушы Ауғанстан былтырғыдан 7,6% азайтып, 486,1 мың тонна алды. Тағы 1,7 мың тонна ұн Қытайға жөнелтілді.