Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жаһандық корпорациялар үшін бірыңғай салық қабылдау туралы келісімге келді, деп хабарлайды euronews.com.

Ұйымға кіретін 140 елдің 136-сы халықаралық корпорацияларға бірыңғай 15%-дық салуға келісті.

Бұл мемлекеттердің экономикасы әлемдік ІЖӨ-нің 90%-ын құрайды.

Аталған салық қабылданатын болса, жүздеген ірі компаниялар жалпы құны 125 млрд доллар салық төлейді.

"Бұл келісім XXI ғасырдағы салықтық революция болады. Қабылдасақ, артқа қайта алмаймыз. Бұл революция, өйткені бұл салық жүйесін барынша әділ етеді. Цифрлық алпауыттар ақша табатын елдеріне де салық төлейтін болады", дейді Францияның қаржы министрі Брюно ле Мэр.

Құжат кедейлік мәселесімен айналысатын халықаралық Oxfam бірлестігі тарапынан сынға алынды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, келісім әлі де әлсіз. Құжаттағы кей параметрлер тым төмен, сол үшін кедей елдерге бәрібір пайдасы тимейді, сол үшін айтарлықтай ешқандай өзгеріс болмайды.