«Қазақтелеком» АҚ 5 қазан күні бұрын «Kcell» АҚ меншігінде болған «КТ-Telecom» ЖШС-нің 100% үлесін сатып алды, деп хабарлайды Қазақстан қор нарығы.

Осылайша қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ меншігінде «Kcell» АҚ-ның 51% акциясы, «Khan Tengri Holding B.V.» компаниясының 100% акциясы, «KT Cloud Lab ЖШС-нің 70% акциясы, «KT-IX» ААҚ-ның 100% акциясы, «Востоктелеком» ЖШС-нің 100% акциясы, «Цифрлы экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-нің 100% акциясы, «Нурсат+» ЖШС-нің 100% акциясы және «Qazcloud» ЖШС-нің 49% акциясы бар.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің соңында «Қазақтелеком» АҚ «Kcell» АҚ-ның 24% акциясын алған еді. Ал 9,08% акциясын Jusan Bank сатып алған. Сонымен қатар Pioneer Technologies S.A.R.L «Kcell» АҚ-ның 14,87% акциясын иеленді.

Қазір "Қазақтелеком" АҚ-ның ең ірі акционері "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ. Оның үлесі 45,9%, екінші иесі SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A. (Люксембург) үлесі 22,01% және THE BANK OF NEW YORK MELLON DRS үлесі 8,62%.

"Қазақтелекомның" қазіргі жалпы активы1,1 трлн теңге, жалпы міндеттемелері 556,4 млрд теңге. Өзіндік капиталы 553,8 млрд теңге. Таза пайдасы 58,1 млрд теңге.