«Jusan Mobile» АҚ жалғыз акционері Қазақстан қор нарығындағы барлық жай акцияларын өз еркімен қайтарып алу (делистингтеу) туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KASE хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте KazTransCom компаниясын Jusan Bank сатып алып, компания Jusan Mobile аталып, компания жарғысы ауысқан еді.

Компанияның не себепті жай акцияларын делистингтегені туралы айтылмайды.

KASE мәліметінше, 2021 жылдың I жартыжылдығы қорытындысы бойынша, Jusan Mobile жалпы активы 28,4 млрд теңге, жалпы міндеттемелері шамамен 10 млрд теңге. Жалы капиталы 18,4 млрд теңге болса, қаңтар-маусым аралығында 653 млн теңге шығын көрген.