2019 жылы көліктің кедендік баж салығы төмендейді

Ұлттық экономика министрлігі импортталған көлік құралдарына жаңа кедендік баж салығын дайындап жатыр. 

Бұйрық 2018 жылдың желтоқсанына дейін қабылдануы керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін жыл сайын біртіндеп импорт салығын азайту міндеттемесін алған.

Алайда бұл жолы кедендік баж салығы бар болғаны 1 пайызға төмендемек. Оның өзінде тек қана бес жылдық көліктер жаңа көлік ретінде танылмақ.

 

Оқыңыз:   "Эйр Астана" билеттері арзандайды