2018 жылғы экономикадан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Елуінші рет экономика саласы бойынша беріліп отырған Нобель сыйлығын биыл АҚШ-тан Уильям Нордхаус пен Пол Ромерге бұйырды. 

Ғалымдардың Нобель сыйлығына лайық деп танылған еңбектері климаттық өзгерістердің әсерін зерттеуге арналған экономикалық модульдер мен әдістерге арналған.

Нобель комитетінің мәліметінше, аталған еңбек жаһандық экономиканың тұрақты дамуына жол ашады.

Соның ішінде Ромерге берілген премия «ұзақмерзімді макроэкономикалық анализге технологиялық инновацияны кіріктіргені» үшін берілсе, Нордхаус «ұзақмерзімді макроэкономикалық анализге климаттық өзгерістерді кіріктіргені» үшін берілді.

Нордхаус Йель университетінің оқытушысы болса, Ромер Нью-Йорк бизнес мектебінде жұмыс істейді.

Оқыңыз:   Қазақстан сыртқы істер министрлігі Каталония тәуелсіздігіне қатысты мәлімдеме жасады