Құрылысшылар қауымдастығы құрылыстың тұрақтандыру қорын құруды ұсынады.Құрылысшылар қауымдастығы Үкімет басшысы Асқар Маминге бюджет есебінен салынып жатқан нысандар үшін тұрақтандыру қорын құру туралы ұсыныс білдірді. Азық-түлк тауарларына арналған осындай қордың бар екені белгілі.

Құрылысшылардың пікірінше, құрылыс материалдарының жиі қымбаттауы осындай шара қабылдауды қажет етеді.

Атап айтқанда арматура, цемент, инертті материалдар мен дизель отыны қымбаттауда. Сонымен қатар бетон тасымалдауу құны да текше метріне 2500 теңгеден 3500 теңгеге өсті."Құрылыс материалдарының тұрақтандыру қорын құру жанармай, бетон, арматура, газ блок, кірпіш, шағын плита, цемент, инертті материалдар секілді құрылыс материалдарының бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді", дейді қауымдастық өкілдері.

Сонымен қатар қауымдастық Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп аталған құрылыс материалдарын өндірушілердің бағаны өзара сөз байласып көтеру мүмкіндігін тексерді.