Түрік инвестор Жамбыл облысында 3,3 млрд теңгеге жаңа зауыт ашады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Жоба индустриялды аймақтың 11 га жеріне салынады. Онда тұрмыстық техникалар шығарылады. Жоба құны 3,3 млрд теңге.

"Қазір түрік инвестормен келіссөз жүріп жатыр", - дейді әкімдік.

Зауыт 2022 жылдың I жатыжылдығында қосылуы мүмкін.

Зауыт жылына 100 мың дана газ плитасын шығармақ. Зауытта 500 адам істейтін болады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында тағы бір түрік компаниясы 400 млн долларға Сарысу ауданында кальцийленген сода зауытын бастап кетті. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі.