Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) "Пандора құжаттамасын" жариялады.

Құжатта бұрынғы және қазіргі мемлекет басшылары, саясаткерлер мен миллиардерлердің салықтан босатылған аймақтарда сақтаған байлықтары жарияланған. 150 БАҚ-тан 600-ден астам журналист екі жылдан бері 11,9 млн жасырын құжатты зерттеген. Онда жасырын офшор аймақтардың саясаткерлермен байланысы айтылған.

Халық арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі аталатын Әсел Құрманбаева Британия Вигрин аралдарынан 30 млн долларл мен акциялар пакетін алған. Бизнесті Владимиром Ни және Владимиром Киммен бірге жасаған.

Владимир Зеленский. Украина президентінің президенттікке келгенге дейін Maltex офшор компаниясымен байланысы болған. 2019 жылы ол үлесін досы Сергей Шефирфке сатып жіберген. Кейін ол президент көмекшісі болды. РИА Новости мәліметінше, офшордың трастық иесі Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Баканов. Сонымен қатар Зеленский өз жақтастарымен Игорь Коломойскийге қатысы бар 40 млн долларды аударған болуы мүмкін.

Сонымен қатар Чехия премьер-министр Андрей Бабиш 2009 жылы офшор компанияға $22 млн аударған. Ол ақшаға премьер-министр Франция оңтүстігінен жылжымайтын мүлік алған.

Guardian мәліметінше, Әзірбайжан президентінің отбасы Ильхам Әлиев соңғы жылдары 400 млн фунтқа Британиядағы жылжымайтын мүліктерін сатқан. Бір мүлігін Британия тәжінің иелігіне өткен.

BBC мәліметінше, Әлиев Британиядан 17 жылжымайтын мүлік сатып алған.

Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр офшор компаниясы арқылы 8,8 млн долларға ғимарат сатып алған. Оны Бахрейн өнеркәсіп және туризм министрі Зайеда бен Рашида Аз-Заяниден алған.

Сонымен қатар Владимира Путиннің Монакодағы үйі де жария болды. Журналистер Светлана Кривоногих иелігіндегі үй мен Геннадий Тимченко мен Петр Колбин компаниясы арасынан да байланыс тапты.  Апартаменттер 2003 жылы $3,6 млн-ға сатып алынды.

"Пандора құжаттамасында" сонымен қатар Латын Америкасындағы үш елдің (Чили, Эквадор, Домникано) қазіргі президенттері мен 11 бұрынғы президенттің аты аталған.

Жалпы құжат 35 елден 130 миллиардердің байлығын әшкереледі. Оның ішінде Ресейдің 46 олигархы бар. 2021 жылы, Forbes мәліметінше, тізіндегі миллиардерлердің 100-інің байлығы $600 млрд-тан асқан.

Толық тізімді мына жерден көруге болады.