Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға несие мен депозиттің пайызы әрқалай өзгерді.

Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айында банктердің заңды тұлғаларға беретін несиесінің жылдық пайызы теңгемен 11,6%; шетел валютасымен 4,2% болды. Қаңтар айында көрсеткіш тиісінше 11,5% және 5,5% болған еді.

Ал жеке тұлғаларға берілген қарызға келер болса, мұндағы пайыз көлемі теңгемен жыл басындағы 18,5%-дан тамыз айында 17,2%-ға, ал шетел валютасымен 21,6%-дан 20,1%-ға төмендеген.

Яғни, банктер бизнеске теңгемен қарыз беруге құштар емес. Оның орнына шетел валютасымен бергенді немесе тіпті қарапайым халыққа теңгемен де, шетел валютасымен де қарыз бергенді жөн көреді.

Депозит нарығына келер болсақ, заңды тұлғалардың депозитке теңгемен салған ақшасына банктер бір жылда 7,3% өсіріп береді. Жыл басында көрсеткіш 7,2% болған еді. Ал шетел валютасына келер болсақ, көрсеткіш 0,4%-дан 0,3%-ға төмендеді.

Жеке тұлғалардың салымына келер болсақ, жыл басында теңгедегі депозит 9,4% болса, қазір 8,2%. Ал шетел валютасына банктер жылдық 1% ұсынады, қаңтарда көрсеткіш 0,9% болған еді.

Қарапайым тілмен айтқанда, банктер заңды тұлғалардың депозиттеріне таласып жатыр, пайызын көтеріп, ал халықтың салымына керісінше пайызды төмендеткен. Бірақ доллардағы салымды халықтан жинауға тырысады, бизнестің доллардағы депозитіне тым талпына қоймайды.

Естеріңізге сала кеткйік, Қазақстанда қазір базалық мөлшерлеме 9,5%-ға көтерілген еді.