Халық микроқаржы ұйымдарына 1,2 трлн теңге қарыз

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген талдау негізінде микроқаржылық қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың жиынтық активтері жыл басынан 15,4%-ға, 2-тоқсанда 8,9%-ға ұлғайып, 1, 4 трлн теңгені құрады.

01.08.2021ж. жағдай бойынша МҚҚЖҰ активтері банк секторының жиынтық активтерінің 4,1%-ын құрайды.

Активтердің неғұрлым көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 645 млрд теңге немесе 45,6%, кредиттік серіктестіктерге – 575 млрд теңге немесе 40,6%, ломбардтарға -196 млрд теңге немесе 13,8% тиесілі.

Микроқаржы секторының жиынтық активтеріндегі ең жоғары үлес салмағы тұрғысынан берілген микрокредиттер иеленеді (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) – 85,9%, 1, 2 трлн теңге сома, 2021 жылдың басынан 19,2%-ға ұлғаю болды. Бұл ретте, ломбардтар мен онлайн-кредиторлардың активтерінде құнсыздануға арналған резервтерді шегергендегі несие портфелі тиісінше 70,1% және 76,1% – ды құрайды.

МҚҚЖҰ жиынтық міндеттемелері 2021 жылғы 2-тоқсанда 8,9%-ға, жыл басынан 16,3%-ға ұлғайып, 888 млрд теңгені құрады.

Жиынтық міндеттемелердің негізгі үлесін алынған қарыздар құрайды – 83,9% немесе 745 млрд теңге. Есепті күнге МҚҰ-ның жиынтық міндеттемелері 438 млрд теңгені құрады немесе бүкіл сектордың 49%-ы, ал кредиттік серіктестіктер мен ломбардтардың жиынтық міндеттемелері тиісінше 365 млрд теңгені және 85 млрд теңгені
құрады.

Микроқаржы секторының жиынтық меншікті капиталы 527 млрд теңгені құрады және негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген пайдадан қалыптасты. 2021 жылғы 2-тоқсанда МҚҚЖҰ меншікті капиталының 8,9%-ға немесе 43,1 млрд теңгеге, жыл басынан 14,1%-ға ұлғаюы байқалды.

МҚҚЖҰ жиынтық несие портфелі тоқсан ішінде 118,1 млрд теңгеге немесе 10,7%-ға, жыл басынан 18,5%-ға ұлғайып, 1,2 трлн теңгені құрады. Айтарлықтай ұлғаю сектордың барлық сегменттерінде жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуімен байланысты. Бұл ретте жеке тұлғалар МҚҚЖҰ негізгі клиенттік базасы болып табылады. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 842 млрд теңгені немесе барлық несие портфелінің 68,4%-ын құраса, заңды тұлғаларға – 380 млрд теңгені немесе 31,6%-ды құрады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Агенттікке 1059 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 996 өтініш бұрын Агенттікте есептік тіркеуден өткен ұйымдардан, 63 өтініш – жаңа ұйымдардан түскен.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 1039 лицензия берілді, оның ішінде 222 МҚҰ, 602 ломбард, 215 кредиттік серіктестік. 5 өтініш қаралу сатысында.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Халық микроқаржы ұйымдарына 1,2 трлн теңге қарыз

Ұнады (0)